19 шілде 2014 15:44

Atlas Jet қазақстандықтарды Түркияға туристік сапарға шақырады-Туризм Комитеті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет atlasjet.com сайтынан алынған Сурет atlasjet.com сайтынан алынған

"Atlas Jet авиокомпаниясы туристік сапарға жолдама алған, ұшақ билетіне, қонақ үйге ақы төлеген түбіртегі бар қазақстандықтарды Түркияға шақырады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Индустрия және туризм комитетінің төрағасы Марат Иғали мәлімдеген.


"Atlas Jet авиокомпаниясы туристік сапарға жолдама алған, ұшақ билетіне, қонақ үйге ақы төлеген түбіртегі бар қазақстандықтарды Түркияға шақырады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Индустрия және туризм комитетінің төрағасы Марат Иғали мәлімдеген.

"Atlas Jet авиокомпаниясы алдағы айларға Түркияға туристік сапарға жолдама алған, қолында тек ұшақ билеті ғана емес, сонымен қоса қонақ үйге ақы төлегенін дәлелдейтін құжаты бар қазақстандықтарды өз бортына алатын болады" дейді ол. Мұндай келісімге 19 шілдеде болған келіссөздерден кейін қол жеткізілген. Бұл тек "Гүлнар тур" клиенттері үшін ғана емес – дейді телефон арқылы берген сұхбат барысында комитет төрағасы. 

Естеріңізге сала кетсек "Гүлнар тур" туристік фирмасы төңірегінде туындаған даудың салдарынан11 мың қазақстандықтардың туристік демалысы бұызылу алдында тұрған еді. Қазір ол туристік фирмаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін хабарланғандай, фирма бастығы жалған құжатпен Қазақстаннан шығып кеткен.

Atlas Jet – Қазақстаннан чартерлік сапарды жүзеге асыратын түркиялық авиокомпания. Даулы "Гүлнар тур" фирмасы билеттерді Atlas Jet компаниясынан сатып алған. "Гүлнар тур" фирмасы келтірген шығын 30 миллион теңге деп бағаланып отыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети