21 тамыз 2014 20:48

Ice Bucket Challenge акциясын Қазақстанда Владимир Косарев қолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kazpravda.kz ©kazpravda.kz

Мәжіліс депутаты Владислав Косарев Ice Bucket Challenge акциясына қатысты, - деп хабарлайды "Казахстанская правда" басылымы. 


Мәжіліс депутаты Владислав Косарев Ice Bucket Challenge акциясына қатысты, - деп хабарлайды "Казахстанская правда" басылымы. 

Бұл акцияның қатысушылары суық су құйынып, осылайша қайырымдылық ұйымдарына қолдау көрсетіп, өздерінің акцияға қатысқан бейнежазбаларын ғаламторда жариялайды. Акцияның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау.

Акция барысында Владислав Косарев суық су құйынды және қойылған талап бойынша Майра Айсинаны, Ғани Қасымовты, Абай Тасболатовты акцияға қатысуға шақырды.

Сондай-ақ, Косарев "Балаларға өмір сыйла" қайырымдылық қорына 10 мың теңге көлемінде көмек көрсетті.  

Бұдан бұрын Ice Bucket Challenge акциясын танымал актер Вин Дизель қолдаған болатын. Ол суық су құйынғаннан кейін акцияның тәртібі бойынша Ресей президенті Путинді, АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обаманы және актриса Анджелина Джолиді акцияға қатысуға шақырған. Актердің су құйыну сәті Instagram желісіндегі жеке парақшасында жарияланған. 

Ал Ресей президентінің баспасөз хатшылығы  шақырту жайында ештеңе естімегендіктерін алға тартқан болатын.

Айта кету керек, аталмыш акция бастапқыда адамдардың жүйке жүйесін емдеп, ұмытшақтық дертінің алдын алу үшін қолға алынған. Акцияға қатысып суық су құйынғандардың ішінде қазірдің өзінде Марк Цукерберг, Билл Гейтс, Стивен Спилберг, Мики Рурк, Леди Гага және Бритни Спирс бар.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети