Kiss Cam сәтінде жанжалдасқан жұптың видеосы хит болды

12 Наурыз 2017, 14:23
0
Kiss Cam сәтінде жанжалдасқан жұптың видеосы хит болды - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Atlanta Hawks және Brooklyn Nets баскетбол командалары арасында өткен ойындағы болған жағдай Желіде қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Mirror. Ойын барысында Kiss Cam камерасы жұптарды түсіреді. 

Қос ғашық өздеірне камера қараған сәтте елдің көзінше сүйісуі қажет. Осы ойында осындай бір жұпты камера түсіріп алды. Қыз бала Kiss Cam қаһарманы болғанына қуанып жігітіне ымдайды, алайда ер адам бұл шараға қатысқысы келмейтінін сездіріп, салқынқандылық танытады. Сол сәтте америкалық қыз сасып қалмай жанында отырған басқа бір жігіттің ернінен сүйеді. Қыздың осы әрекетіне наразы болған жігіті залдан шығып кетеді. 

Желі қолданушылары осы жағдайға байланысты әр түрлі пікір қалдырып жатыр. Біреулер осы жағдайдың ойдан құрастырылғанын айтса, біреулер жәй әзіл әрі қызықты шыққанын жазған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай