National Geographic түсіріп алған Алматыдағы автобустың кондукторы табылды

07 Сәуір 2015, 10:28
0
National Geographic түсіріп алған Алматыдағы автобустың кондукторы табылды - ©Instagram/@shaulschwarz
©Instagram/@shaulschwarz

Алматыдағы №25 Еркінбек Есенбеков National Geographic телеарнасының фотографының назарына түсіп қалған болатын. Ол өзіне ойда жоқта келген танымалдылық туралы "Жетінші арна" тілшілеріне айтып берді.

"Интернеттегі суретті менің әпкем көріп қалып, маған айтты. Енді, әрине, қызық қой, тіпті не айтарымды білмеймін. Маған бәрі хабарласып, осы жайт жайлы айтып жатыр, қаншама адам жазып жатыр. Мен, шынымды айтсам, сол сәтті ұмытып қалыппын". - дейді 32 жастағы кондуктор.

Еркінбек өзінде Instagram желісінде аккаунттың жоқ екенін айтады, себебі оның қазіргі кезде бос уақыты жоқ, себебі тұңғыш баласы дүниеге келгелі жатыр екен.

Еске салайық, Алматыдағы автобустың суреті ғылыми-танымдық телеарнаның Instagram желісінде жарияланғаннан кейін қазақстандықтар оған наразы болған еді. Бір күн ішінде Instagram желісіндегі автобус суретінің астында наразы мәндегі пікірлер көптеп жазылды - 2500-ден астам пікір. Қолданушылар телеарнаның Алматының жаман жағынан көрсеткен суретін жариялағаны үшін наразы болды. 

Алматылықтар National geographic телеарнасының Instagram желісіндегі суретінен кейін флешмоб бастап кеткен болатын. Қолданушылар Желіге Алматының әсем суреттерін #TrueAlmaty хештегімен салып жатыр. Бір сағат ішінде осы хештегпен 200 жарияланым пайда болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай