16 қазан 2017 15:07

Nazarbayev Style. Алматылықтар Елбасы түскен суретті қайталап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Виктор Магдеев © Виктор Магдеев

Фотограф Виктор Магдеев Нұрсұлтан Назарбаев түсірілген ерекше суретті қайталап түсіріп көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Фотограф Виктор Магдеев Нұрсұлтан Назарбаев түсірілген ерекше суретті қайталап түсіріп көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы көшелерінде кез келген адам Президенттікіндей сурет жасай алды.

"Мен бастапқыда осы суретте Астанада достарыммен бірге түсіріп көрдім. Сосын ол суреттерді әлеуметтік желілерге жарияладым. Суретке көп лайк қойылып, пікірлер жазылды. Алматыға ұшып бара жатқанда неліктен қарапайым адамдарды да осылай суретке түсірмеске деп ойладым. Досым Марат Ягафаровпен хабарластым, одан классикалық киім киген төрт адамды тауып беруін сұрадым", - дейді фотограф Виктор Магдеев.

"Қажетті жабдықтарды алуға бардым: рулетка, адамдардың үстіне шам қойып қоюға мүмкіндік беретін қосымша штатив. Көрші дүкендегілерден олардың розеткасына қосылауға рұқсат сұрадым. Ал оларға сурет жасап беруге уәде бердім. Бастапқыда өтіп бара жатқан адамдар біз кино түсіріп жатыр деп ойлап, жақындауға қорықты. Бірақ кейіннен мен оларға не түсіріп жатқанымызды түсіндірдім. Оларды шақырып, Президент стиліндегі сурет жасауды ұсындым", - деді фотограф.

Виктор Магдеевтың айтуынша, ол Нұрсұлтан Назарбаевтың осыған дейін жарияланған ерекше суреті оған әсер етіп, шабыттандыра түсті. "Авторлық құқықты бұзғым келгенім жоқ. Осы танымал суретті жасаған адамға құрметпен қараймын".

"Суретке көп ақша алған жоқпын. Мақсатым ақша табу болған жоқ, керісінше, адамдарға осындай ерекше сурет жасап бергім келді. Жиналған ақшалардың барлығын фон ретінде тұрған актерлерге төледім. Фотоны түсірудің техникасы өте оңай: Фотоаппараттың жарқылдағын адамның басының үстіне қойып, фонды қараңғылатып, диафрагманы жабу керек", - деді фотограф.

Еске сала кетейік, осыған дейін армян фотографы Назарбаевтың ерекше суретін жариялаған болатын.


© Facebook.com/Давид Акопян

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети