03 сәуір 2015 16:16

"Адал" ұры қылмыс орнында кешірім сұрап хат қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Sjevo.net @Sjevo.net

Ресейде "Адал" ұры қылмыс орнында кешірім сұрап хат қалдырған, - деп жазады РИА Новости. Оқиға Кемеровск облысындағы Прокопьевск қаласында болған.


Ресейде "Адал" ұры қылмыс орнында кешірім сұрап хат қалдырған, - деп жазады РИА Новости. Оқиға Кемеровск облысындағы Прокопьевск қаласында болған.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, полицияға қылмыс жөнінде жанармаймен кесетін ара мен бірнеше бума темекісі ұрланған үйдің иесі хабар берген.

"Рудникке өзім барып берілемін. Осы қылығым үшін өзімді жек көремін", - деп жазылған фотосуреттің артқы жағында. Дегенмен, берген уәдесіне қарамастан "адал ұры" полицияға келмеген.

"Жедел-іздестіру шаралары кезінде 26 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Сонымен қатар, полицейлер күдіктінің тағы бір қылмысқа қатысын анықтады. Ұры көшеде кетіп бара жатқан әйелдің сөмкесін тартып алған ", - деп хабарлады басылым.

Күдіктінің үстінен РФ Қылмыстық кодексі бойынша "Ұрлық" және "Тонау" статьялары бойынша айып тағылды. Айыпталушы 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети