04 қараша 2016 17:47

Адвокат абақтыда жатқан Ақжарқын Тұрлыбайға Коэльо мен Хемингуэйдың кітаптарын апарып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақжарқын Тұрлыбай © vk.com Ақжарқын Тұрлыбай © vk.com

Қазақстандық адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы тергеу изоляторында 2014 жылдан бері жатқан қазақстандық студент Ақжарқын Тұрлыбайға қалай барып-қайтқаны жайлы айтып берді. Tengrinews.kz тілшісінің сұрақтарына жауап берген адвокат бүгін Ақжарқынға кітаптар мен көзілдірік беріп жіберу үшін және депозитке ақша салу үшін тергеу изоляторына барғанын айтты.


Қазақстандық адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы тергеу изоляторында 2014 жылдан бері жатқан қазақстандық студент Ақжарқын Тұрлыбайға қалай барып-қайтқаны жайлы айтып берді. Tengrinews.kz тілшісінің сұрақтарына жауап берген адвокат бүгін Ақжарқынға кітаптар мен көзілдірік беріп жіберу үшін және депозитке ақша салу үшін тергеу изоляторына барғанын айтты.


Адвокаттың Ақжарқын Тұрлыбайға беріп жіберген заттары.

Айта кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай бұл мекемеде 2014 жылдың наурыз айынан бері тұрып жатыр. Адвокаттың айтуынша, Ақжарқынның депозитіне 500-1 000 юань (1 юань = 49,94 теңге) аралығында ақша салуға мүмкіндік бар.

"Ақжарқын көзілдірік беріп жіберуді сұрады. Мекемедегі басты шарттардың бірі берілетін зат пластиктан немесе темірден тұрмауы қажет", - деп түсіндірді адвокат. Бірақ ол қорғалушысын көре алмағанын айтты. Себебі Ақжарқын тұрып жатқан тергеу изоляторында кездесуге рұқсат алу өте қиын екен. Осыған дейін Гуанчжоудағы изолятордағы қыздың туыстарына келуге тыйым салынған еді.

Айта кетейік, тергеу изоляторы Гуанчжоу қаласының оңтүстігінде орналасқан. Ғимарат қоймалармен және шеберханалармен қоршалған. 

Гуанчжоудағы тергеу изоляторы

Мекемедегі сотталушыларға жіберетін заттарды екі-үш адам қабылдайды. Бұл процесс шамамен жарты сағатқа созылады екен.

"Мекемеде заттарды беріп жіберуге шамамен жарты сағат кетеді. Азық-түлік пен киімдерді де беруге болады. Менің көзімше дәрілерді де өткізіп жатты. Асығыс жоқ, заттардың барлығын қыздар қабылдап алады. Мен барғанда онда тағы 7-9 адам болды", - деді адвокат Нұрмағамбетов. Сондай-ақ, адвокат ертең Қазақстанға оралатынын айтты. 

Ал 2 қарашада өткен сот отырысында Ақжарқын Тұрлыбай видеоүндеу жолдаған болатын. "Мен сіздердің барлықтарыңызға - елшіліктегілерге алғыс айтамын. Әділдік орнап, барлығы жақсы болады деп сенемін. (...) Туыстарымнан мені кешіруін және маған сенуін сұраймын. Көрсеткен қолдауларыңызға рақмет", - деген еді қазақстандық қыз.

Айта кетейік, осыған дейін Қытайдағы ҚР елшісі Ақжарқын Тұрлыбайдың елге қайтарылуына қол жеткізуге тырысатынын айтқан болатын. "Қытайда есірткі тасымалдады деп айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қайтадан болатын сот процесі 2 қарашаға бекітілген. Оны экстрадициялау үшін, сот үкімі шығуы тиіс. Сот шешімінсіз экстрадиция мүмкін емес. Осыдан кейін оны Қазақстанға қайтарылуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз, үміт бар", - деп түсіндірді Шахрат Нұрышев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Еске салайық, 20 жастағы азаматша Ақжарқын Тұрлыбай есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен ұсталған болатын. Ол 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталды, ол Малайзияға ұшып кетпекші болған. Қыздың жүгінде есірткі заттары табылды. Осыған дейін, оған атысты сот үкімі шыққан болатын. Гуанчжоу соты қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкім шығарды. Сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. "Біздің тарап Гуанчжоу сотының шешімімен келіспейді. Апелляциялық инстанцияға үкімге шағым келтіреміз, оның қорытындысын қызығушылық танытқан адамдар біле алады", - деп хабарлады адвокат.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети