АҚШ-тың Сан-Диего қаласында егіздер екі түрлі жылы дүниеге келді. Олардың бірі 2015 жылы туылса, екіншісі үш минуттан соң, яғни 2016 жылы дүние есігін ашқан. Бұл туралы "МИР 24" басылымы жазды.
АҚШ-тың Сан-Диего қаласында егіздер екі түрлі жылы дүниеге келді. Олардың бірі 2015 жылы туылса, екіншісі үш минуттан соң, яғни 2016 жылы дүние есігін ашқан. Бұл туралы "МИР 24" басылымы жазды.
Егіздер дүниеге келген перзентхананың дәрігерлері соңғы 30 жылда мұндай жағдайдың болмағанын айтты. Олардың ата-анасы енді балаларының туған күнін қалай жаздыратындарын ойланып жатыр. "Бір күнге жаздыруымыз мүмкін. Кейін екеуінің жанжалдасып қалғандарын қаламаймыз", - деді егіздердің әкесі Луис Сальгадо.
Басылымның мәліметінше, қазір екі нәрестенің де жағдайлары жақсы.