04 наурыз 2018 13:07

АҚШ-та көл бетінде пайда болған алып шұңқыр тұрғындарды шошытты - Видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

АҚШ-тың Калифорния штатында көл бетінде пайда болған алып шұңқыр жергілікті тұрғындарды шошытты, деп хабарлады ren.tv.


АҚШ-тың Калифорния штатында көл бетінде пайда болған алып шұңқыр жергілікті тұрғындарды шошытты, деп хабарлады ren.tv.

Телеарнаның хабарлауынша, америкалық Калифорния штатының тұрғындары Беррисса көлінің ортасында пайда болған алып ойықты көргенде шошып, арнайы қызметтерге хабарласа бастаған, ол ойық жұмбақ иірімді еске түсірді.

"The Sun басылымының мәліметінше, тұрғындар бұл құбылысты "тозақ босағасы" деп атады. Кейін оның жай ғана су ағызғыш екені анықталды. Ол көлдегі су деңгейі көтерілген кезде іске қосылады", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, 1997 жылы көлде жүзуші ер адам қайтыс болды. Ол су ағызғышқа жақын жерде болған. Ер адам 20 минуттан аса уақыт бойы су ағызғышпен арпалысып, кейін жоқ болып кеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети