АҚШ-та мысық баланы иттен арашалап алды

15 Мамыр 2014, 10:07
0
АҚШ-та мысық баланы иттен арашалап алды - Сурет 23 ABC ақпарат құралынан алынған
Сурет 23 ABC ақпарат құралынан алынған

"АҚШ-та мысық аутизмнің жеңіл формасымен ауыратын 4 жасар баланы иттен арашалап алған. Бұл туралы 23 ABC ақпарат құралы мәлім етті. Сыртқы бейнебақылауға түсіп қалған оқиға Калифорния штатының Бэйкерсфилд қаласында орын алған" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бейнежазбада баланың үй маңында велосипед теуіп жүргені көрінеді. Бір сәтте оның артқы жағынан көршінің лабрадор нәсілді иті келіп тап беріп, баланың аяғынан тістейді. Аяқ астынан пайда бола қалған Тара атты мысық итке атылады. Күтпеген жерден атылған мысықтан сескенген ит баланың аяғын жіберіп, қаша жөнеледі. Итті біраз жерге дейін қуып барған мысық, қайтып баланың қасына келеді.

Жақын жерде болған анасы да жүгіріп келіп, баласының жарақатын қарап, итті қуып жібереді. Десе де, баланы ауруханаға жеткізіп, аяғына 10 тігіс салуға тура келген.

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай