22 сәуір 2019 14:47

АҚШ-та шымкенттік академиктің кітабы бойынша тұсаукесер рәсімі өткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та шымкенттік академик Асма Қалыбекованың кітабы бойынша тұсаукесер салты барлық ережеге сай өткізілді, - деп хабарлайды Оtyrar.kz


АҚШ-та шымкенттік академик Асма Қалыбекованың кітабы бойынша тұсаукесер салты барлық ережеге сай өткізілді, - деп хабарлайды Оtyrar.kz

Баланың тұсауын кесу мәртебесі Иордания ханзадасы, профессор Зейд Раад әл Хусейнге бұйырған. 

Тұсаукесер рәсіміне қатысқандардың айтуынша, ханзада Асма Ахметқызының кітабына қызыққаны соншалық, одан бір елі ажырамай барлығын сұрастырып жүрген. Ол Қазақстанға жол түсіп жатса міндетті түрде кітаптың авторымен кездесетінін айтқан.

Кітап АҚШ-та кездейсоқ пайда болмаған. Асма Ахметқызының танысының балалары АҚШ-та магистратурада оқиды екен. Олар шетелге кетіп бара жатқанда, елді, жерді және салт-дәстүрін ұмытпасы үшін ол өзінің кітабын сыйлаған. Олардың қызы дүниеге келіп, аяқ басып жүруге дайын болған шақта кітапта жазылған дүниені пайдалануға сай келген. 

Колумбия университетінің магистратурасында білім алып жатқан жас ата-ана Әсет пен Жансая Оңласыновтар қазақтың тұсаукесер салтын орындауды жөн көрген. Кітаптағы жазылғандарды толығымен оқып шығып, іске кіріскен. Ханзада кітапта жазылған салт-дәстүр, ырым-тиымдар туралы еңбекке тәнті болған, ал шараға қатысқандар елімізде болып қайтқандай болды деген ойда қалған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети