22 қазан 2014 09:14

АҚШ тұрғыны жігітінің үйінің мұржасына кептеліп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© losangeles.cbslocal.com © losangeles.cbslocal.com

Калифорния штатында өртсөндірушілер бұрынғы жігітінің үйінің мұржасына қыстырылып қалған 28 жастағы қызды құтқарды. Қыз ол жігітпен әлеуметтік желіде танысыпты. CBS LA телеарнасының хабарлауынша, төтенше оқиға өткен демалыс күндері Таузенд-Оукс қаласында болды.

Құтқарушыларға мұржаның кірпіштерін қиратып, қыздың үстіне ыдыс жууға арналған сұйықтықты құюға тура келді. Соның арқасында барып, қызды құтқару мүмкін болды.

Женевьева Нуньез-Фигуероа есімді қыз мұржада алты сағатқа жуық уақыт бойы кептеліп тұрды. Ол мұржаға түнгі сағат үштердің шамасында кірген, таңертең оны байқаған көршілер полицияға хабар береді.

Ал бұл кезде қожайынның өзі үйде болмаған. Кейін ер адам қызбен танысу сайттарының бірінде сөз жарастырғанын айтты. Біраз уақыт жүргеннен кейін қыз бен жігіт ажырасқан. Бірақ жігіттен айырылғысы келмеген Женевьева оның үйіне бірнеше рет кіруге әрекеттенген, соңғы амалы іске аспай қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети