Ақтаудағы мүгедек балаларға арналған интернаттағы жанжал видеоға түсіп қалды

10 Маусым 2018, 12:26
0
Ақтаудағы мүгедек балаларға арналған интернаттағы жанжал видеоға түсіп қалды - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Ақтауда психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға арналған интернат үйінің директоры ыдыс-аяқ сынған жанжалдан кейін жұмыстан шеттетілді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Маңғыстау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Қуаныш Берішбаев мәлімдеді. 

Берішбаевтың сөзінше, № 3 Әлеуметтік арнайы қызмет көрсету орталығындағы жанжал биыл 7 маусымда болған. Мекеме қызметкерлері мен директор арасындағы жанжалдың видеосы Facebook желісінде жарияланды. 

"Бұл бейсенбі кешкісін болды. Мен ол адамдармен және мекеме директорымен кездестім. Бүгінде комиссия құрылып, жағдай толық тексеріледі. Директор Шаттыгүл Қаракүшікова жұма, 8 маусымнан бастап қызметінен шеттетілді. Бақылауға алдық. Бұл директор мен 10 қызметкер арасындағы ішкі жанжал ", - дейді басқарма жетекшісі. 

Оның айтуынша. тергеу қорытындысы бойынша комиссия ақтық шешім шығарады. "Қызметіне оралуы комиссия шешіміне байланысты. Интернат үйін Еңбек басқармасы да тексеріп жатыр. Мұның алдында мекеме ұжымы шағымданған болатын", - дейді Берішбаев. 

Шаттыгүл Қаракүшікова психоневрологиялық интернат үйін 2017 жылдың тамызынан басқарып келеді. Бұл мекемеде 3-тен 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға уақытша немесе үнемі арнайы қызмет көрсетіледі.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай