Ақтаулық келін Қазнетте күлкіге қалды

02 Сәуір 2016, 11:56
3
Ақтаулық келін Қазнетте күлкіге қалды - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Ақтауда белгісіз бір әйел әлеуметтік желілердің бас кейіпкері болды. Оның төртінші қабаттағы пәтердің терезесінің сыртқы ернеуіне шығып, оны жуып жатқаны түсірілген ролик Instagram желісіндегі instavideo_kaz парақшасына жарияланды.

Бұл видео бір тәулік ішінде 20 мыңнан аса қолданушыға ұнап, оған 2,5 мыңға жуық пікір жазылған.

Қолданушылар батыл әйел жайлы әзіл жазып, оны "тазалықты қатты жақсы көретін суперкелін" деп атады.

"Мүмкін ол үйінде терезелерді жумағаны үшін өлім жазасына кесілетін шығар", - деп жазды қолданушылардың бірі.

Роликтің авторы Tengrinews.kz редакциясына видеоның Ақтау қаласындағы 29-ықшамауданда түсірілгенін айтты. "Мен бұл видеоны 28 наурызда оқудан қайтып бара жатқанда түсірген болатынмын. Бір әйелдің қарама-қарсы үйде терезе жуып жатқанын көріп қалып, телефоныма түсіре бастадым ", - деді ол.

Айта кетейік, бұл видео ресейлік әлеуметтік желілерде де жарияланды. Video_russia парақшасында ролик "Домохозяйка 80-го уровня" деп аталған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай