20 қыркүйек 2019 16:02

Ақтөбе облысында үйден шығып, қайта оралмаған зейнеткерге іздеу жарияланды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облыстында полицейлер жоғалып кеткен зейнеткерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды "Диапазон" облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 


Ақтөбе облыстында полицейлер жоғалып кеткен зейнеткерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды "Диапазон" облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

10 қыркүйекте сағат шамамен 19:30-да Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылынан 30 шақырым жерде орналасқан "Тұрабай" шаруа қожалығының үйінен 1956 жылы туылған Жібек Көпесбайқызы Айтымбетова шығып, қайтып оралмаған. Ол зейнеткер, сол жерде тұрады.

Белгілері: бойы 150-155 сантиметр, арық денелі, қараторы келген, көзі қоңыр, шашы қара, ақ түскен. Киімі: қызыл түсті халат, жасыл свитер, көк түсті резеңке-шәркей.

Жоғалған зейнеткерді іздеуге Байғанин аудандық полиция бөлімінің жеке құрамынан 20 адам, Ақтөбе облысы полиция департаментінің 40 қызметкері, аудандық бөлімшелерден 30 адам, 2 қызметтік иті бар облыстың полиция департаментінің кинологиялық орталығының 2 маманы және 131 ерікті жұмылды. 

Жібек Көпесбайқызы Айтымбетова туралы қандайда бір ақпарат мәлім болса, мына нөмірлерге хабарласуға болады: 102, 8 (7132) 936-100, 8(7132) 936-118 или 8771 546 66 66.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети