13 тамыз 2018 | 09:23

Ақтөбеде сот сирек тұқымды мысықты піштіру туралы шешім шығарды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aktobetimes.kz © aktobetimes.kz

Ақтөбеде сот асыл тұқымды мысықты піштіру туралы шешім шығарды. Үй жануарын сатып алушылар бұрынғы иесін алдап, бизнес жасағысы келген, - деп хабралайды "Актобе Таймс".


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде сот асыл тұқымды мысықты піштіру туралы шешім шығарды. Үй жануарын сатып алушылар бұрынғы иесін алдап, бизнес жасағысы келген, - деп хабралайды "Актобе Таймс".

Кәсіби селекционер Гүлзайра Ерекенованың айтуынша, шетелге кетуі керек болғандықтан, британдық қысқажүнді тұқымды мысығын арзан бағаға, 14 мың теңгеге сатып кетуге мәжбүр болған. Келісімшарт та жасалыпты, онда мысыққа жеті ай толғанда оны піштіру керек және оны басқа адамға беруге болмайды деп жазылған. Ал келісімшарт бұзылып, осы себептен қыз сотқа жүгінген. 

"Мысықты былтыр маусымда сатқанмын. Ол асыл тұқымды, құжаттары бар. Оған жеті ай толғанда сатып алушылар келісімшартты орындаудан бас тартты. Түрлі сылтау ойлап тауып, мысықты піштіргісі келмеді. Сәуірде әрең дегенде келісімге келдік. Клиникамен өзім сөйлесіп, бәрін дайындап қойдым. Ал олар келмеді. "Не болды?" деп SMS жіберіп едім, жауап қайтармады. Сөйтсек, менен сатып алған ер адам мысықтың басқа үйде тұратынын және оны өзіне сатып алмағанын мойындады", - дейді Гүлзайра Ерекенова.

Мысықты алған әйел жануарларды сату үшін көбейтумен айналысады екен. Негізінен иттерді көбейтеді. Ал енесі қалада кинолог маман екен. "Біздің мысықты газеттен көрдік, - деп жалғастырды Гүлзайра. - Олар көбейту үшін жариялап қойыпты, сол себептен піштіруден үзілді-кесілді бас тартқан. Нәтижесінде амалысыздан сотқа жүгінуге тура келді". 

Сотта жауапкер кінәсін мойындамады. Келісімшарт жасасқанда ол ауызша мысықты қызына алып жатқанын, ал келісімшартқа аса мән бермегенін айтты. Сонымен қатар, мысық бұрынғы иесінде болғанда уақытылы тазартылмаған деп ақталды. 

"Екі ай мән-жайды анықтадық. Сотта біз жеңдік. Мен мысықты піштіртіп, мысықты үшінші адамға бергені үшін 400 мың теңге, уақытылы піштіруден бас тартақаны үшін 500 мың теңге талап еттім. Ал олардың мысықты көбейткісі келгенін дәлелдей алмадым", - деп сот шешімінің қорытындысын айтты Гүлзайра. 

Қыздың айтуынша, мысықты піштіргеннен кейін жаңа иелерінің көңілі түсіп қалған. "Мен оларға ақшасын қайтарып, мысықты қайта алуға ұсындым", - дейді Ерекенова. - Олар бас тартты. Енді қобалжып тұрмын. өкінішті", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети