1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Ақтөбеде үшем дүниеге келді

© Ақтөбе облыстық ауруханасы © Ақтөбе облыстық ауруханасы

Ақтөбеде үшем дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Юлия мен Борис Балабековтер 2012 жылы үйленген. Олардың бір баласы бар. Ал 1 желтоқсанда отбасында үшем дүниеге келді - Максим, Даниил және Алина есімді қыз бала. Анасы өзі босанған, ота жасау қажеттігі тумаған.

Ақтөбе облыстық ауруханасының бас дәрігері Рустем Исаевтың айтуынша, Максим 2 келі 150 грамм, Даниил 1 келі 537 грамм, Алина 2 келі190 грамм салмақпен дүниеге келген. Әзірше олар ауруханада болады.


© Ақтөбе облыстық ауруханасы