06 қаңтар 2016 16:54

Ақтөбелік бүлдіршіндердің "Алло" әніне түсірген пародиясы Интернетте хит болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео скриншоты Видео скриншоты

Ақтөбелік бүлдіршіндер хитке айналған "Алло" әніне пародия түсірді. Видео әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, Интернетте танымал болып жатыр.


Ақтөбелік бүлдіршіндер хитке айналған "Алло" әніне пародия түсірді. Видео әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, Интернетте танымал болып жатыр.

Айта кетейік, әннің түпнұсқасын Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан орындайды. Екі әншінің дуетіне түсірілген бейнебаян жақында ғана шыққан болатын.

Бүлдіршіндердің пародиясы Ақтөбедегі көпбалалы отбасыда түсіріліпті. Алты баланың анасы Гүлсім Омарова клип туралы ештеңе білмегенін айтады. Ол бейнебаян түсірілген күні қонақта болған.

Гүлсім Омарова балаларының өте қабілетті екенін айтты. Мысалы, тоғызыншы сыныпта оқитын үлкен ұлы Ерлан бес жылдан бері қарындасымен бірге тойларда "Қара жорға" билейді. Бұл бейнебаянды түсірген де сол болып шықты. Ерлан заманауи технологияны жақсы көреді. Ол сол күні Интернеттен осы әнге түсірілген бейнебаянды көргенін, сол кезде кіші бауырлары - Сәбина мен Нұрдәулеттің басты рольдерде ойнай бастағанын айтты. Осы кезде Ерланға оларды видеоға түсіру идеясы келеді.  


Отбасы мұрағанынан алынған сурет

Видео ұялы телефонға түсірілген. Сәбина бойжеткен қыз болып көріну үшін жасанды кірпік те жабыстырып алған. Ол кірпіктерді ұйықтап жатқан әпкесінен жасырын түрде алады, тіпті бейнебаянның түпнұсқасында басты рольде ойнаған қызға ұқсау үшін халат киіп алған.

Ерланның айтуынша, видеоны арнайы бағдарламамен өңдеу үшін бір күн уақыт кеткен. Ерлан бұл бағдарламамен қызықты видеоларды өңдеп отыратынын айтты. Қолда бар мүмкіндіктің: компьютердің, интернеттің, бастысы  - балалардың басты рольде ойнауға деген құлшынысының арқасында осындай қызықты бейнебаян пайда болды. Ролик қазірдің өзінде 3,5 мың көрілім жинап үлгерді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети