1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Әлемдегі ең ежелгі "смайл" Түркиядан табылды

Түркияның Газиантеп провициясының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Каракамыш қаласында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан түркиялық және италияндық археологтар "смайл" бейнеленген құмыраны тапты, - деп хабарлайды Hürriyet Daily News.

Болон университетінің профессоры Николо Маркеттидің айтуынша, бұл ерте замандағы жымиып тұрған адамның бейнесі. Шамамен біздің заманымызға дейінгі 1700-ші жылдары жасалған. "Бұл құмыра шербетті (тәтті сусынды) ішуге арналған. Біз әлемдегі ең ежелгі "смайлды" тапқан секілдіміз. Біз шеберлердің қандай мақсатта құмыраның сыртына мұндай сурет салғанын білмейміз", - деді Маркетті. 

Құмыра Газиантеп археологиялық музейіне тапсырылатыны айтылған. 

Доллар арзандады