10 қыркүйек 2015 16:31

Әлемдегі ең жылдам жүретін тасбақа анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© guinnessworldrecords.com © guinnessworldrecords.com

Гиннестің рекордтар кітабының редакциясы әлемдегі ең жылдам тасбақамен таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі басылым сайтына сілтеме жасап.


Гиннестің рекордтар кітабының редакциясы әлемдегі ең жылдам тасбақамен таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі басылым сайтына сілтеме жасап.

Берти деген лақап атқа ие жануар Ұлыбританияда тұрады, ол секундына 0,28 метрді (сағатына шамамен бір шақырым) жүріп өте алады. Кітаптың авторлары оны тасбақалар арасындағы Усейн Болт деп атайды. Сонымен қатар, қорытынды өлшем жасау кезінде Берти 19,59 секундта 5,48 метрді жүріп өтіп, бұрынғы рекордты жаңартты, ол 1977 жылы тіркелген. Ол кезде тасбақа Чарлидің жылдамдығы секундына 0,125 метр болған. 

Айта кетейік, Берти Марко мен Джанин Кальцини отбасында Англияның солтүстік-шығысындағы Дарем графствосында тұрады. Сонымен қатар, Кальцинидің үйінде оның құрбысы тасбақа Шелли бар. Олардың айтуынша, Берти әрдайым өзге тасбақаларға қарағанда жылдам қозғалатын болған. Мұндай рекордтың бар екенін кенеттен естіген олар Гиннестің рекордтар кітабына өтініш жазған. "Мен бала кезден Гиннестің рекордтар кітабын жинадым. Біріншісін 1980 жылы сатып алдым. Дүкен сөрелерінде тұрған сол кітаптардың барлығы әлі күнге есімде. Бұл кітапқа ену - өңіме айналған арман болды", - деді Марко.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети