Әлемдегі ең қонақжай емес елдер аталды: Қазақстан қай орында?

13 Қыркүйек 2017, 11:37
0
Әлемдегі ең қонақжай емес елдер аталды: Қазақстан қай орында? - © skyview.kz
© skyview.kz

Әлемдегі ең қонақжай емес елдер аталды, - деп хабарлайды Passport Index. Рейтингке әлемнің 198 елі алынды.

Қонақжай емес елдердің тізімі жасалған рейтингте бірінші болып Ауғанстан, КХДР, Сомали, Сирия және Түрікменстан елдері тұр. Айта кетейік, бұл елдерге кіру үшін азаматтарға виза мен басқа да рұқсат ететін құжаттар керек.

Ангола екінші орынға тұрады. Мұнда тек Намибия қонақтары визасыз кіре алады екен. Тізімде үшінші болып Бутан, Экваториалдық Гвинея, Эритрея, Ирак және Ливия тұр. 

Ал Қазақстан қонақжай емес елдердің рейтингінде 74-орынға тұрақтады. Ал Ресей 83-орында тұр.

Айта кетейік, осыған дейінгі қонақжай емес елдердің рейтингісінде Гвинея-Бисау, Мадагаскар, Мальдив аралдары, Мавритания, Мозамбик, Самоа, Тувалу мен Уганда елдері болған еді. Басылымның мәліметінше, осы елдерге кез келген елдің азаматтары визасыз кіре алады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай