16 сәуір 2015 16:49

Алматы акробаттары "Украина мае талант" шоуының келесі кезеңінде таңғажайып трюк көрсетуді жоспарлап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Әділет Тиканов пен Камила Құртынбаеваның жеке архивінен @Әділет Тиканов пен Камила Құртынбаеваның жеке архивінен

Алматылық акробаттар "Украина мае талант" шоуының екінші кезеңінде таңғажайып трюк көрсетуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық акробаттар "Украина мае талант" шоуының екінші кезеңінде таңғажайып трюк көрсетуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділет Тиканов пен Камила Құртынбаеваның айтуынша, қазір олар келесі кезеңге тыңғылықты дайындалу үстінде. Ерлі-зайыпты жұп келесі кезеңде қазылар алқасын "узручка" деп аталатын жаңа трюкпен таңғалдырмақ. Бұл элементке акробаттар бұрыннан дайындалып жүр. Олардың дайындығына жаттықтырушылары Ержан Қоңырбаев пен Мұрат Мұтырғанов көмектеседі.

Айта кетейік, алматылық акробаттар Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің түлектері. Алматы циркі оларды орын болмағандықтан жұмысқа қабылдамаған. Сондықтан қазір олар жұмыссыз. Әділеттің айтуынша, әйелі екеуі Әзірбайжан мен Белорусьта жұмыс істеп үлгерген. Олар Франция мен Италияда өтекен халықаралық конкурстың лауреаттары. 2015 жылдың қаңтарында Рим Папасының алдында өнер көрсетті.

"Украина мае талант" шоуына қатысқаннан кейін ерлі-зайыпты жұпқа Алматыдан бірнеше ұсыныс түсті. Акробаттардың қазіргі мақсаты - әділ қазылар алдында жақсы өнер көрсетіп, шоудың финалына өту.

Еске сала кетейік, осыған дейін  Алматының акробаттары "Украина мае талант" шоуының қазылар алқасын таңғалдырғаны хабарланған болатын. Қазылар алқасы жас жұптың өнерін көргеннен кейін оларды келесі кезеңге өткізуге бірауыздан шешім қабылдады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети