22 қаңтар 2015 17:22

Алматы облысында егде ерлі-зайыпты 40 жылдан соң үйленуді ұйғарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында егде жастағы жұп 40 жылдан кейін некелерін заңды түрде қиюға шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында егде жастағы жұп 40 жылдан кейін некелерін заңды түрде қиюға шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) мемлекеттік кәсіпорны бас директорының міндетін атқарушы Әсемгүл Балташеваның хабарлауынша, Алматы облысы Алакөл ауданындағы ХҚКО-ға 1937 жылы туылған (78 жаста) Гүлранға Құрмаева барған. "Ол ФҚКО-ға некені қалай тіркеуге болатынын білу үшін келіпті. Ол атасымен 38 жыл бірге тұрған екен, атаның жасы 90-да. Біздің қызметкерлер кеңес беріп, оған электронды тіркеу қызметін қолдануға ұсыныс білдірді. Әже бұған бірден келісті. Мамандарымыз әжеге электронды цифрлық қолтаңба берді, біз оған үйден шықпай-ақ электронды нұсқада тіркеуге болатынын түсіндірдік. Оған бұл идея қатты ұнады", - дейді Балташева.

ХҚКО бас директорының қызметін атқарушының сөзіне қарағанда, әже Алакөлде емес, оған жақын орналасқан бір ауылда тұрады. Кеңесшілер оның үйіне барып некелерін үйде тіркеуге көмектесуге ұсыныс білдірді.     

"Біздің кеңесшілер оның ауылдағы үйіне барады. Біз сол жерде электронды цифрлық қолтаңбаны атаға тапсырып, өтінішті электронды нұсқада беруге көмектесеміз", - деді Балташева.

Оның айтуынша, адамдар қартайған шағында электронды үкімет қызметін жиі қолданатын болған.

Балташеваның сөзіне қарағанда, 2012 жылдан бері республика бойынша халыққа қызмет көрсететін мобильдік орталықтар жұмыс істеп келеді. Олар кесте бойынша және жоспардан тыс қызмет етеді. Өңірлерде арнайы жабдықталған көліктер бар, олар әкімдіктер мен халықтың сұрауы бойынша барып қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, мобильдік ХҚКО мүмкіндігі шектеулі адамдарға да барып қызмет көрсетеді. Өткен жылы мобильдік ХҚКО 300 мыңға жуық қызмет көрсетті, олардың 12 мыңы мүгедектерге көрсетілді. Республика бойынша жылжымалы ХҚКО-лардың 70 автокөлігі жұмыс істейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети