Алматы тұрғындарының саны 1,8 миллион адамнан асты

17 Наурыз 2018, 17:24
0
Алматы тұрғындарының саны 1,8 миллион адамнан асты - © Николай Колесников
© Николай Колесников

Алматылықтардың саны бір миллион сегіз жүз мың адамнан асты, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, халық саны бойынша Алматы қаласы Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарынан кейінгі орында тұр. Бұл туралы Статистика департаменті хабарлады.

"Қалада халықтың өсімі өткен жылы 50 мың адамнан асқан. Миграциялық өсім 7 пайызды көрсетуде. Алматы инвестиция бойынша да тартымды қала. Өткен жылы негізгі капиталға тартылған қаржы көлемі 640 миллиард теңгені құраса, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға артық", - делінген жарияланымда.

Құрылыс нарығы да қарыштап дамып келеді. 2017 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 3 пайызға артып, қосымша жұмыс орындарының ашылуына сеп болды. Жұмыссыздар көлемі әзірге 50 мың адамды құраса, өзін-өзі қамтығандар шамамен 70 мыңға жеткен.

"Ел көлемінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың көбі ауыл шаруашылығы дамыған өңірлерде. Ал Алматыда ауыл шаруашылығының үлесі аздау. Негізгі сала жалданып жұмыс істеушілерге тиесілі, 92 пайызды құрайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 7,7 пайызға тең", - деді Алматы қаласы статистика департаментінің басшысы Бағлан Қарғұлов.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай