1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Алматыда Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылды

Абайдың ескерткіші Абайдың ескерткіші

Алматыдағы Медеу ауданында Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта Абай Құнанбаевтың ескерткішінің ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ескерткіш алматылық кәсіпкер Банщиков Вячеславтың қаражатына салынды. Ақынның 170 жылдығына арнайы жасатылған ескерткіштің ашылу салтанатында ұлы ақын туралы сөздер айтылды. Ескерткіштің биіктігі - 4,5 метр.

"Ұлы Абай әр кірпіш өзінің орнын табуы керек деп айтқан. Мен өз кірпішімнің орнын таптым, ол адамдарға көмек көрсету", - деді Вячеслав Банщиков.

ШҚО-да ұшақ өртенді