01 мамыр 2015 18:30

Алматыда әлемдегі ең үлкен лағман жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдегі ең үлкен лағманның салмағы - 687 келі. © Әлішер Ахметов Әлемдегі ең үлкен лағманның салмағы - 687 келі. © Әлішер Ахметов

Алматыда әлемдегі ең үлкен лағман жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның салмағы - 687 келі. Дайындауға 30-ға жуық аспаз қатысты. Рекордты Гиннестің рекордтар кітабының өкілі әлемдегі ең үлкен лағман ретінде Қазақстан халқының бірлігі күні мен Қазақ географиялық ұйымының 5 жылдығына орай тіркеді.


Алматыда әлемдегі ең үлкен лағман жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның салмағы - 687 келі. Дайындауға 30-ға жуық аспаз қатысты. Рекордты Гиннестің рекордтар кітабының өкілі әлемдегі ең үлкен лағман ретінде Қазақстан халқының бірлігі күні мен Қазақ географиялық ұйымының 5 жылдығына орай тіркеді.

Алып тағам Алматыдағы Ұйғыр театрының алдында дайындалды. "Әлемдік рекорд қазір 687 келі. Бұған дейін әлемдегі ең үлкен лағман рекорды болмаған, себебі бізде ең төменгі талап 500 келі болған. Басты талап - лағман дәстүрлі дайындалу жолы арқылы жасалуы керек және бір-бірден үлестірілуі керек", - деп хабарлады Рекордтар кітабының өкілі Бенжамин Бекхаус. Сонымен қатар, ол әлемдегі ең үлкен лағман туралы әлемдік рекордты ұйым веб сайтына 5 мамырда енгізетіні туралы хабардар етті. Ал кітапқа 2016 жылы енгізілуі мүмкін.

Лағман дайын болғаннан кейін алаңға жиналған халыққа таратылды. Алдымен тағамды ең үлкендерге содан кейін жастар мен ересек адамдарға берілді. Барлығы 1500 үлес тағам таратылды. Акция ұйымдастырушыларының айтулары бойынша, басты мақсат - Гинестің рекордтар кітабына ену арқылы Қазақстанда өмір сүретін халықтардың салт-дәстүрін ел тұрғындары мен қонақтарына таныстыру.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда әлемдегі ең үлкен лағманның әзірленгелі жатқаны хабарланған болатын. Ол кезде "Акцияның жалпы мақсаты - Қазақ елін дүние жүзіне дәріптеу сондай-ақ, ҚР азаматтары мен ел қонақтарын мәдениетіміз бен салт-дәстүрлерімізді жіті таныстыру болып табылады. Ал ең бастысы осы іс-шарада Гиннес кітабында тағы бір рекорд тіркеледі", - деген еді ұйымдастырушылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети