12 желтоқсан 2015 16:28

Алматыда Қазақстанның әскери қызметшілері World of Tanks компьютерлік ойынының финалына қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігі © ҚР Қорғаныс министрлігі

Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері World of Tanks ойынының финалына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері World of Tanks ойынының финалына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 12 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында World of Tanks компьютерлік ойыны бойынша Гранд-финал өтті. Спорт сарайына сегіз мыңнан аса адам жиналды. Ұйымдастырушыларды ҚР Қорғаныс министрлігі қолдап, қатысушылар үшін ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері әскери қызметшілерінің көрсетпелі көрсетілімдері, атыс қаруы мен әскери техниканың көрмесі ұйымдастырылды.

"Компьютерлік бағдарламалар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған ақпараттық ғасырда жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру үшін оларды дұрыс бағытта қолдану қажет. Бүгін ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері әскери қызметшілерінің көрсетпелі көрсетілімін, финалға қатысушылар бұл нысандарды компьютерлік ойында көріп қана қоймай, оларды өз көздерімен көріп, Отанды қорғаудың маңыздылығын сезінуі үшін қару мен әскери техниканың көрмесін өткіздік", - деді майор Азамат Жұмаділов.

 

Жастардың компьютерлік ойындарға қызығушылығы артып отырған кезде оларды патриоттық тәрбие беру мүддесінде пайдалану заман талабы екені атап өтілді. Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын зерделеу мен патриоттық тәрбие беруде мақсатқа сәйкес пайдаланған ойындар арасында ТМД кеңістігінде әйгілі құрастырушы Wargaming компаниясымен жасалған World of Tanks ойыны бар. Ұйымдастырушылар бұл жобаның маңыздылығы Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихын зерделеуде пайдалануға болатын ойын контентінің (тарихи фильмдер, мұрағаттық материалдар, әскери-тарихи мақалалар мен өзге де материалдар) үлкен санын құрудан тұратынын айтты.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети