Алматыда қызды педофилден арашалап қалған Тимурбек Жамаладдинов марапатталды

21 Сәуір 2017, 16:18
0
Алматыда қызды педофилден арашалап қалған Тимурбек Жамаладдинов марапатталды - © tengrinews.kz
© tengrinews.kz

Алматыда 8 жастағы қызды зорлықтан аман алып қалған 11 сынып оқушысы Тимурбек Жамаладдинов марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ғылым ордасы" Ұлттық ғылым академиясында Тимурбек Жамаладдиновке ҚР Білім және ғылым министрлігінің марапат қағазы мен сыйлықтары табыс етілді. 

Бұл шараға Ұлттық ғылым академиясының ғалымдары мен академиктері, ғылыми-зерттеу институтының жетекшілері, ғылыми қызметкерлері мен журналистер қатысты.

Еске салайық, 14 сәуірде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 11 сынып оқушысы Тимурбек Жамаладинов 8 жастағы қызды 32 жастағы педофилден аман алып қалған болатын.

"Бала мерт болып қалуы мүмкін еді. Мұның өзі де кішкене ғана, арық, бірақ, қандай батыл! Өзінен үлкен мас адамнан тайсалмады, қызды аман алып қалды. Бұл баланың жүрегі, намысы бар! Осындай жігітті тәрбиелеген ата-анасы мен мұғлімдерге мың алғыс", - дейді ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірасылов білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің атынан алғыс грамотасын табыстау кезінде. 

Тимурбек Жамаладдиновтың өзі мұғалімдер, министр мен оқу грантын бөлген Алматы облысының әкіміне алғысын білдірді. 

"ҰБТ тапсырып, өз күшіммен грантқа тапсырғым келеді. Аграрлық университетті таңдадым, ветеринар боламын. Ауылда өскен соң, мал шаруашылығымен айналысуды ойлаймын", - дейді оқушы. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай