23 сәуір 2015 17:19

Алматыда сноубордшы мүсіні мен гүлді кино камерасы орнатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Турар Қазанғапов © Турар Қазанғапов

Алматыда гүлді кино камерасы мен сноубордшы мүсіні орнатылады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Сноубордшыны Шымбұлаққа жақын жерге, ал ағаш бояуынан жасалған үлкен камераны "Қазақфильм" киностудиясының қасына орнатады. Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы өкілдерінің айтуынша, 2015 жылдың көктемінде қалада соңғы үш жылдағы ең үлкен гүлмен безендіру жұмыстары жүргізіледі.

Телеарнаның хабарлауынша, 2014 жылы Алматыда 190 мың шаршы метр жерге гүл өсірілген. Осы жылы ол 10 мың шаршы метрге үлкен болады. Дәстүр бойынша, мегаполис қызғалдақтар, раушан гүлдері мен шырайгүлдермен безендіріледі. Олардың бәрі Алматыдағы жылыжайларда өсірілген. "Биыл 200 мың шаршы метр аумаққа гүл егу жоспарланып отыр. Оның ішінде 80 мың шаршы аумақ қалалық әкімдіктің есебінен қаржыландырылады. Биыл көктемнің ерте келуіне орай, гүл егу жылдағыдан ерте басталып кетті. Көріп тұрғандарыңыздай, қызғалдақтар жайқалып, көшелердің сәнін келтіріп тұр",- деді Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Батырбек Бижанов.

Сонымен қатар, Алматыда 4 мыңға жуық вертикалды көгалдандыру элементтері орналастырылады. Қосымша жеті сәулет мүсіні орнатылады. "Бірінші композиция сноубордшы түрінде Медеуге апаратын жолдың кірер жерінде, ал ең шыңында конькиші мүсіні мен Спорт сарайы маңына балуан мүсініндегі композиция орналастырылады", - деді Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының маманы Ләйлә Мұхаметрахимова. Мамыр айының ортасында Тұңғыш Президент саябағы маңынан "Жапон бағы" композициясы ашырлады. Сонымен қатар, Күләш Байсейітова атындағы көшенің бойындағы сарқырамалар жаңартылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети