06 сәуір 2017 11:40

Алматыда зейнеткер мен немересіне су шашып кеткен көлік жүргізушісі жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook/Марат Шәкен © Facebook/Марат Шәкен

Алматыда зейнеткер мен немересіне су шашып кеткен көлік жүргізушісі жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда зейнеткер мен немересіне су шашып кеткен көлік жүргізушісі жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 5 сәуірде шамамен сағат 17.00-де болған. Егде жастағы әйелдің ұлы Facebook желісіндегі парақшасында анасының немересімен бірге Весновқа жақта серуендеп жүргенін жазған.

"A 956 HP мемлекеттік нөмірлі "су шашатын көліктің" жүргізушісі (ол бастапқыда су шашқышын қоспай келе жатты. Бірақ бесік арбамен келе жатқан анамды көріп ол қасында отырған әйелдің көзінше су шаша бастаған, содан олар екеуі қатты күлген) жаяу жүргіншілерге арналған жолмен келе жатып анам (64 жаста!) мен бесік арбада жатқан ұлымның (8 айлық) үсті-басын су қылды. Суреттен барлығы көрініп тұр. Бесік арба кір болып тұр, анам мен ұлымның кірленген киімдері. Анам қатты қорқып қалған, ал сәби болса тоқтаусыз жылай берген", - деп жазды Марат Шәкен Алматы әкімдігі мен Алматы қалалық ІІД атап өте отырып.


© Facebook/Марат Шәкен

Бірақ келесі күні бұл мәселе шешілген. Марат Шәкенге қаланы көріктендірумен айналысатын Stamp Service компаниясы директорының орынбасары қоңырау соғып, оның мекенжайын сұраған.

"Олар жүргізушісімен бірге шамамен сағат 11.00-де келді. Кешірім сұрап, бесік арба мен пальтоны химиялық тазалауға өткізу үшін ақша тастап кетті. Компания директорының орынбасары жүргізушінің жұмысқа жаңадан келгенін, яғни, оның 1 сәуірде ғана жұмысқа шыққанын және оның сорғыны қалай дұрыс қосу немесе сөндіру керектігін білмейтінін айтып түсіндірді", - дейді алматылық.

Отбасы оларды кешірді, алайда жүргізуші оған қарамастан жұмыстан қуылды.

Сонымен қатар, Марат Шәкен оқиға болған күні аудандық ІІБ-не бұзақылық жайлы арызданған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети