07 қараша 2017 | 16:08

Алматыдағы толастамаған жауын: Тұрғындар ауа райынан туындаған былық суреттерін жариялап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда толастамай тұрған жаңбыр жолда үлкен бөгет тудырып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне көлік жүргізушілері хабарлап отыр. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда толастамай тұрған жаңбыр жолда үлкен бөгет тудырып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне көлік жүргізушілері хабарлап отыр. 

Тұрғындар жаңбырдың салдарын суретке түсіріп, әлеуметтік желіде жариялап жатыр. 

Кей көшелерде көліктер ұзақ уақыт кептелісте тұр. Мәселен Kris_p_almaty паблигінде Алматы әуежайына апаратын айналма жолдағы кептелістің видеосы жарияланған. Жүргізушілер жол барлық жағынан жабылып қалғанын, алайда, әзірге дейін ешқандай да қозғалысты реттеуші келмегеніне шағымданып жатыр. 

"Міне, Құлжа тасжолындағы әуежайға апаратын айналма жолдағы жағдай. Көліктер тоқтап қалған. Қозғалысты реттеушілер мен гаишниктер мүлде көрінбейді", - дейді жүргізушілердің бірі. 

Төле би - Момышұлында "Газель" көлігі арыққа түсіп кеткен. 

Төле би - Әуезов қиылысында да осындай жағдай болған. 

"Шаңырақ-2" ықшамауданының тұрғындары жаңбырдан жолдың ми батпаққа айналғанын айтады. Бұрын бұл жолға асфальт төселген болатын. "Бәрін қазып тастады. Не түзу, не айналып өте алмайсың. Шешіңіздер мына мәселені", - дейді олар. 

Алматы әкімдігінің өкілдерінің сөзінше,  су деңгейі көтеріліп кеткен жерлердің бәрінде жұмыс жүріп жатыр. 

"Қазгидромет" болжамы бойынша, қазір Алматыда +8 градус. Ертең қалада бұлтты болады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети