Алматылық 10 жастағы қыз Максим Галкиннің "Лучше всех!" шоуында көрермендерді тәнті етті

19 Наурыз 2018, 11:37
0
Алматылық 10 жастағы қыз Максим Галкиннің "Лучше всех!" шоуында көрермендерді тәнті етті - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Алматылық 10 жастағы қыз Максим Галкиннің "Лучше всех!" шоуына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші арнадан көрсетілген бағдарламада Карина Махпирова түрлі цирк трюктерін көрсетіп, көрермендерді тәнті етті. Алматылық қыз шоуға әкесімен және сіңлісімен келіпті.

Максим Галкин Карина Махпированы "цирк ханшайымы" деп атады.

Алматылық қыздың айтуынша, ол ақша жинап Мәскеудегі цирк колледжіне түсіп, моноцикл алғысы келеді.

"Миллион ақша жинап, 500 мың теңгесіне Мәскеу колледжіне түскім келеді. Сондай-ақ, жаңа моноцикл алғым келеді", - деді Карина Махпирова Галкиннің сұрақтарына жауап бере отырып.

Максим Галкин бағдарлама соңында қызға медаль мен моноцикл сыйлады.

"Тамаша, өнерлі, нағыз арманшыл және өз ісінің маманы - Карина Махпирова бәрінен де мықты!", - деді тележүргізуші.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай