16 қараша 2015 16:38

Алматылық жас каратэшілер Жан Клод Ван Даммды "соққының астына алды"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматылық жас каратэшілер Жан Клод Ван Даммға "өнерлерін көрсетті", - деп хабарлайды TengrinewsTV.


Алматылық жас каратэшілер Жан Клод Ван Даммға "өнерлерін көрсетті", - деп хабарлайды TengrinewsTV.

Голливудтық атақты актер әрі спортшы Жан Клод Ван Дамм Алматыда жас каратэшілерге шеберлік сабағын өткізді. Бір жарым сағатқа созылған сабақта Ван Дамм мен кішкентай спортшылар бой жазып, жаттығу жасап, осыдан кейін спарингке кірісті.

"Самоволка'' және ''Кровавый спорт'' фильмдерінің кейіпкері қарсыластарына бар күшпен аяқпен және қолмен соққы беруге рұқсат етті. Сабаққа беріліп кеткен жас каратэшілер алдарында боевиктердің жұлдызы тұрғанын ұмытып, Ван Даммды "грушаны" ұрғандай ұрды", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, голливудтық актер және спортшы Алматыға табысты адамдарға арналған бизнес форумға қатысу үшін келіп, балаларға арнап шеберлік сабағын өткізді. Сұхбат барысында Жан Клод Ван Дамм өмірлік мақсаттарына қол жеткізудегі өз тәжірибелерін бөлісті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети