Алматылық жігіт жұлдыздар ағынынан әсерлі кадрлар жасады

13 Тамыз 2015, 15:32
0
Алматылық жігіт жұлдыздар ағынынан әсерлі кадрлар жасады - © Дәурен Дәулетов
© Дәурен Дәулетов

12 тамызда жылдың ең жарық астрономиялық құбылысы - Персеид жұлдыздар ағынын көруге мүмкіндік туды. Ерекше құбылысты оңтүстік астананың тұрғындары тамашалай алды. Алматылық Дәурен Дәулетов Үлкен Алматы көліне барып, жұлдызды ағыннан әдемі кадрлар түсіріп қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жігіт сапарды алдын ала жоспарламағанын, дегенмен табиғаттың осындай құбылысын өз көзімен көруді армандағанын айтады. "Мен мұндай нәрсені жақсы көремін. Күнделікті түсіріп жүрген суреттерге қарағанда мұны түсіру әлдеқайда қиын болды. Сонымен қатар, оқығаныңды тәжірибе жүзінде пайдалану үшін көпті есте сақтау керек. Мұндай түсірілім жұмыстарына уақыт көп кетеді", - деді ол.

Айта кетейік, 13 тамызда Персеид жұлдыздарының екінші ағыны болады. Бір сағаттың ішінде жүзге жуық болидтің ағынын көруге мүмкіндік туады. Жыл сайын тамызда Жер мен құйрықты жұлдыз жақындай түседі. Секундына 60 шақырым жылдамдықпен қозғалатын, көлемі бірнеше миллиметр болатын бөлшектер ғаламшардың атмосферасымен соқтығысады. Осының нәтижесінде жарықтар пайда болады.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай