Алматылық қыз танымал әндерді ишарат тілімен айтты

11 Қаңтар 2016, 17:07
0
Алматылық қыз танымал әндерді ишарат тілімен айтты - © youtube.com
© youtube.com

Бұл видеоларды көрген адам қызды өзінше көңіл көтеріп, билеп жатыр деп ойлауы мүмкін. Олай ойласаңыз, қателесесіз.

Видеодағы кейіпкер - 16 жастағы Алматы қаласының тумасы Зухра Тұрсынова. Ол бала кезінен сөйлеуі бұзылған балаларға арналған мектепте оқиды. Зухра 7 жасынан бастап іс-қимыл тілін үйренеді. Ол бала кезінен ымдап, қол қимылдары арқылы сөйлейді. Оның сөзіне қарағанда Зухра өзінің қамқоршы ата-анасының арқасында күрделі ота жасатып, қазіргі таңда имплант арқылы ести алады. Ал бүгінде, ол есту қабілетінен айырылған жандарға көмектесуді өзінің міндеті санайды.

"Мен есту қабілетінен айырылған әр адам әндердің мән-мағынасын, не туралы айтылып жатқанын түсінгенін қалаймын. Үміт ешқашан өшпейді", - дейді Зухра. Зухраға мұндай идея "Домино" тобы жанкүйерлеріне арнап ұйымдастырған байқауына байланысты туған. Байқау ережесі бойынша "Жүрегім саған" (Сердце тебе) әнін мінсіз орындап шығу керек. Жеңген қатысушы топпен дуэт құрып ән айту мәртебесін иеленеді. Сөйтіп Зухра осылайша әнді ымдау тілімен айтуға тырысқан. Содан кейін ол бұл жұмысты ары қарай дамытады.

"Мен өлеңдердің мағынасын барынша түсінікті етіп жеткізуге тырысамын. Есту қабілеті нашар достарым маған рақметін айтып, лебізін білдіріп жатқанда ерекше сезімге бөленемін. Мен жай ғана өмірді сәл де болса жеңілірек еткім келеді", - деді ол.

Дереккөз: Massaget.kz 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай