07 наурыз 2017 17:30

Алматылық қызға Uber қызметі ағаш орындыққа отыруды ұсынған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық Дарья Кэтч жұмсақ отырғыштан бөлек, жолаушыларға арналған ағаш орындықтары бар Uber көлігіне таңданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық Дарья Кэтч жұмсақ отырғыштан бөлек, жолаушыларға арналған ағаш орындықтары бар Uber көлігіне таңданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздың сөзінше, ол 6 наурызда Uber арқылы көлік шақыртқан. "Микроавторбус келді. Анам екеуміз салонға кірген соң ағаш орындықтарға таңдандық. Жүргізуші де осы орындықтарға отыруды ұсынды. Біз күліп жібердік. Онда расында да екі ағаш орындық тұрды (...).  Бұл - жабайылық. Біз сақтану үшін не істеуіміз керек сонда? Ал жүргізуші біз үшін үстел де қойып бере алатынын айтып, әзілдеді. Uber көліктерді таңдап алатын стандарттар бар шығар. Бұл көлікті қалай алған, оның үстіне қауіпті ғой. Асығып тұрған соң отырып кете бердік", - дейді Кэтч.

Ал Uber әкімшілігі мұны сорақылық деп атап, жүргізушіге шара қолданғанын мәлімдеді. 

"Бізде бірқатар ереже бар. Платформаға тіркелмес бұрын серіктестер онымен таныстырылады. Бұл ережелер бұзылған жағдайда жүргізуші жүйеден шығарылады. Көбіне рейтингі төмен, көлікті өз аккаунтымен бермеу (көлік пен жүргізуші туралы мәлімет шындыққа жанаспайды), жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін шығарылады. Дарья жазған посттағы жағдайға біз де көндіге алмаймыз, мұндайдың қайталанбауы үшін шара қолдандық", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Uber әрбір жүрістен кейін жүргізушілерге баға беріп, пікір қалдырып отыруды ұсынды. Рейтингі төмен жүргізушілер жүйеден шығарылады.

Айта кетейік, ағаш орындықпен жүрген жүргізушінің рейтингі жоғары болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети