09 желтоқсан 2016 18:35

Алматының орталық көшелерінің бірінде жылқы сойғандар тұрғындардың наразылығын туғызды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгердің жолдаған суреті Куәгердің жолдаған суреті

Алматылықтар көше ортасында жылқы сойғандарға наразы. Бұл оқиға жайлы Tengrinews.kz тілшісіне куәгер айтып берді.


Алматылықтар көше ортасында жылқы сойғандарға наразы. Бұл оқиға жайлы Tengrinews.kz тілшісіне куәгер айтып берді.

Оқиға Достық және әл-Фараби даңғылдарының қиылысына жақын Армянская көшесіндегі жаңа бизнес орталығының маңында болған. "Жануарды "Газельмен" алып келгенде әлі тірі болатын. Біршама уақыт көліктен алып шықпақ болғанымен, жылқы қырсығып тұрып алған. Жарты сағаттан кейін далаға қайта қарасам, жылқыны сойып жатыр екен. Олар - бизнес орталықтың жұмысшылары сияқты. Жолдың бойына, тротуардың үстінде мал сойып отырды. Мүмкін оларда бір мереке болған шығар, бірақ бұл жабайылау көрінді. Ғимаратқа кіру керек пе еді, әлде басқаша бірдеңе ойластырып болса да, бірақ енді дәл осылай істемеу керек шығар", - дейді куәгер.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети