1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Америкалық баланың ұшақта түсірген суретінде "періште" пайда болды21 мамыр 2017, 11:04

© facebook.com © facebook.com

АҚШ-та Даун синодромымен ауыратын жеті жасар Ашер Лайлзтың анасы баласы түсірген телефоннан ерекше сурет тауып алды, - деп хабарлайды Chron.com.

Кэрри Лайлз Вашингтоннан Хьюстонға ұшқан кезінде баласына ұялы телефонын берген. 

"Үйімізге қайтып бара жатқан едік, балам иллюминатордан суретке түскісі келді. Ондаған кадр түсірген балам ұялы телефонды қайтарып берді. Кейін суреттерді өшіре бастадым, себебі сақтау жадысында орын аз қалған. Өшіріп отырып, бір ерекше суретке көзім түсті. Жүрегім бір сәтке тоқтап қалғандай болды", - деп жазды әйел Facebook желісінде.

Ашердің ата-анасының пікірінше, ол камераға өзінің "жебеуші періштесін" түсіріп алған. Олар баланың ерекше қасиеті бар және айналасындағы біз көрмейтін құбылыстарды байқай алады деп сенеді.


© facebook


Кішкентай Ашер отбасымен. © facebook


Шешесі мен әкесі баланы "extra A" деп атайды, осылайша оның қосымша хромосомасы бар екенін ерекшелеп айтқысы келеді. © facebook


Ашердің түсірген суреті жайлы жергілікті телеарналар сюжет жасапты. © facebook


Елордада IT-кеңес құрылды