06 қараша 2014 14:58

Анаконданың адамды тірілей жегені теледидардан көрсетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Discovery телеарнасынан анаконданың адамды тірілей жеп қойғаны көрсетіледі, - деп хабарлайды The Daily Mail. Деректі фильм түсіруші Пол Розоли (Paul Rosolie) алып жыланның "құрбаны" болады. Ол өзі жасаған арнайы костюмінің арқасында анаконданың жемтігі болуды бастан өткереді. 


Discovery телеарнасынан анаконданың адамды тірілей жеп қойғаны көрсетіледі, - деп хабарлайды The Daily Mail. Деректі фильм түсіруші Пол Розоли (Paul Rosolie) алып жыланның "құрбаны" болады. Ол өзі жасаған арнайы костюмінің арқасында анаконданың жемтігі болуды бастан өткереді. 

Жануарларды қорғаушылар Розолидің идеясын "тірі мақұлықты қорлау" деп бағалады. Ал ер адам болса, "Егер менің кім екенімді білсеңіздер, менің ешқашан тірі жәндікке зиян келтірмейтінімді білер едіңіздер. Сіздер болатын оқиғаны тамашалап, бұған тағы бір көз жеткізе аласыздар", - деп жазды әлеуметтік желіде. 

Америкалық азамат Перудегі Амазония джунглилерінде ең алғаш рет 18 жасында болған. Ол өзін табиғат жанашырымын деп есептейді. "Джунглиде болған кезде алғашқы бес минуттың ішінде-ақ балалық шағымдағы барлық арманымның көзбен көргенімнің қасында түк емес екенін ұқтым. Джунгли маған тән орта екенін сезіндім", - дейді Розоли. Деректанушы Амазонка ормандарын зерттеуге маманданған. Ол Үндістан, Индонезия, Бразилия, Перу елдерінде жұмыс істеп, тәжірибе жинады.

Ал скептиктер анаконданың адамды жұта алатынына күмән келтіріп отыр. Олардың айтуынша, бұл жылан әдетте қабан, бұғы, капибара, кайман (қолтырауын) сияқты жануарларды жей алады. Ірі аңды жер алдында жылан оның сүйектерін сындырып алады. Анаконданың адамды тірілей жұтуы телеарнадан 7 желтоқсан күні көрсетіледі. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети