31 қаңтар 2017 14:27

Анам қазақ тілін үйренсең, болашағың болады деді - украин жігіті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео: youtube.com / Яков Фёдоров Видео: youtube.com / Яков Фёдоров

Блогер Яков Фёдоров Facebook желісінде Қостанай облысы Федоров ауылындағы Димитров атындағы № 1 мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтін этникалық украин Дмитрий Ромащенкомен сұхбатын жариялады.


Блогер Яков Фёдоров Facebook желісінде Қостанай облысы Федоров ауылындағы Димитров атындағы № 1 мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтін этникалық украин Дмитрий Ромащенкомен сұхбатын жариялады.

Облыстағы Федоров ауданы жайлы мәлімет жинап жүрген блогердің айтуынша, Дмитрий Ромащенко қазақтар аз қоныстанған ауылда қазақ тілін меңгеріп, Қостанайдағы университетте "Қазақ филологиясы" мамандығы бойынша білім алған. Жарияланған видеосұхбатта Ромащенко өзі жайлы айтып береді.

"Федоров ауылында қарапайым украин отбасында дүниеге келдім. Осы Димитров атындағы орта мектебін 2011 жылы бітірдім. ҰБТ-ны тапсырып, Қостанай мемлекеттік университетінің "Қазақ филологиясы" деген факультетіне оқуға түстім", - деп әңгімелейді Дмитрий. 

Кейін ол 2015 жылы оқуды тәмамдап, содан бері туған ауылындағы мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп келеді екен. 

Сұхбатында ол қазақ тілін қалай меңгергені жайында айтты. "Біздің ортамызда қазақша сөйлейтін адамдар өте аз. Қазақтардың да ішінде аз. Бірақ біздің облысымызда қазір өзге ұлт өкілдеріне арналған "Тіл дарын" деген клуб жұмыс істейді. Сол клубта әртүрлі ұлт өкілдері қазақша сөйлейді. Ал "Қазақ тілін қалай меңгердің?" деген сұраққа ең бірінші жауабым - бәрі де адамның қалауы бойынша. Менде қандай мамандық таңдаймын деген сұрақ болды. Сол кезде әке-шешеммен отырып, осы мәселені талқыладық. Анам сол кезде "Иә, қазақ тілі пәні мұғаліміне барасың, болашағың болады" деді. Сол себепті осы мамандықты таңдадым", - деді ол.

Айтуынша, ол университетте де қазақ тілінде білім алған. "Өкінішке қарай, орысша сөйлейтіндерге "Қазақ филологиясы" деген мамандық жоқ. Меніңше болуы керек. Өйткені материалды өзге ұлт өкілдеріне басқаша оқыту керек. Бірақ мен оқыдым", - деді украин жігіті.

Мұнымен қатар, ол оқушыларының, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының қазақша жақсы сөйлей алатынын айтады. "Менде жаңа бағдарлама бойынша бірінші сыныптар, екінші сыныптар ескі бағдарлама бойынша және тоғызыншы сыныптар білім алады. Бірінші сыныптардағы оқушылар тілді жақсы меңгеріп келеді. Өйткені олар менің бағытым бойынша, әдістемем бойынша жұмыс жасай алады. Себебі менің басты әдістемем - сөздерді жаттау. Күн сайын жаңа сөздермен көп жұмыс жасаймыз. Грамматиканы бөлек қарастырамыз, ал балалардың сөздік қорларын дамыту керек, оның сөйлеу тілдерін дамыту керек", - деді ол.

Сонымен қатар, Яков Фёдоровтың Youtube хостингіндегі арнасында Дмитрий Ромащенконың сабақ өткізіп жатқаны түсірілген видео пайда болды. Онда ол оқушылардан Абайдың қара сөздері жайлы сұрайды.  


Видео: youtube.com / Яков Фёдоров

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети