05 маусым 2014 | 19:38

"Аңыз адам" мен ардагерлерді арандатып отырған кімдер?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

"Аңыз адам" журналы туралы "аңыз әңгіме" сценарийінің екінші сериясы басталды. 26 сәуір күні Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан он ардагер бірлесіп, Гитлер туралы жазғаны үшін "Аңыз адам" журналын сотқа беріпті. Бүгін №2 Алмалы аудандық сотында осы істің алғашқы отырысы болды, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" басылымы.


Иконка комментария блок соц сети

"Аңыз адам" журналы туралы "аңыз әңгіме" сценарийінің екінші сериясы басталды. 26 сәуір күні Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан он ардагер бірлесіп, Гитлер туралы жазғаны үшін "Аңыз адам" журналын сотқа беріпті. Бүгін №2 Алмалы аудандық сотында осы істің алғашқы отырысы болды, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" басылымы.

Сот ашық есік жағдайында өтті. Даулы істі Алмалы аудандық сотының судьясы Әсет Боранбаев қарады. Бірақ, арыз жазған 10 ардагердің біреуі де сот отырысына қатыса алмады. Сенімхатпен келген шағымданушылардың өкілі Нұртас Ахметов "Аңыз адам" журналы Адольф Гитлерді "жақсы жағынан сипаттап, фашизмді насихаттады" дей келіп, Жарылқап Қалыбайдың соғыс ардагерлері алдында жариялы түрде кешірім сұрауын және әр шағымданушының пайдасына одан 5 миллион теңге (барлығы 50 миллион теңге) моральдық шығын төлеуін талап етіп отырғандықтарын тілге тиек етті. “Жұлдыздар отбасы – Аңыз адам” журналының редакторы Жарылқап Қалыбай шағымданушылардың өкіліне "журналды толығымен оқыдыңыз ба?" деген сұрақ қойып еді, Нұртас Ахметов мардымды жауап бере алмады.

“Жұлдыздар отбасы – Аңыз адам” журналының адвокаты Адайбек Бейімбетов өз кезегінде ардагерлердің бұл шағымы негізсіз екенін Заң баптарымен дәлелдеп, шағым талаптары өздерін қанағаттандырмайтынын жеткізді.

Жарылқап Қалыбай да соттың сұрақтарына жауап беріп, өзіне әлдекімдер ардагерлерді айдап салып отырғанын айтты. Судья Әсет Боранбаев Жарылқап Қалыбайдан кінәсіз екенін дәлелдейтін айғақтарды келесі сот отырысына ала келуін өтінді. Ал, Қалыбай ондай айғақтарды жинап, ақталуды ойламайтынын, әуелі шағымданушы тарап өзінің кінәлі екенін дәлелдейтін айғақтарды көрсетуін сұрады.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети