12 тамыз 2016 17:46

Арманындағы қызды кездестірген отбасылы жігіттің оқиғасы қолданушыларды тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook.com © Facebook.com

Арманындағы қызды кездестірген отбасылы жігіттің оқиғасы қолданушыларды тәнті етті. Төрт баланың әкесі, америкалық Джейсон Хьюлетт супермаркетте кезекте тұрғанда өмір бойы армандап келген бейтаныс қызды көріп, өзін әлемдегі ең бақытты адам сезінген, - деп жазады Adme.ru.


Арманындағы қызды кездестірген отбасылы жігіттің оқиғасы қолданушыларды тәнті етті. Төрт баланың әкесі, америкалық Джейсон Хьюлетт супермаркетте кезекте тұрғанда өмір бойы армандап келген бейтаныс қызды көріп, өзін әлемдегі ең бақытты адам сезінген, - деп жазады Adme.ru.

Сол уақытта Джейсон өз әйеліне адал болмағаны үшін кінәлі сезініп, бұл оқиға туралы ойын Facebook желісіндегі парақшасында баяндайды: "Айтуға да ұялып тұрмын. Бірақ мен бүгін әйелімнің көзіне шөп салған сияқтымын. Мен өзіме бірнеше киім сатып алып, енді ақша төлейін деп кезекке тұрып жатқанымда бейтаныс қызды көріп қалдым. Сол сәтте мені ток ұрғандай болды. Ішімнен "Уау, біреудің жолы болған екен" деп ойладым".


© facebook.com

"Алайда бір сәтте мен ол қыздың менің әйелім болып шыққанын ұқтым! Әйелім де ол күні сол дүкенде жүрген болып шықты", - деп жазады Джейсон.

Айта кетейік, кезекте тұрғанда олардың ортасында бір адам ғана болыпты. Бірақ оның әйелі оны сонда да байқамапты. Содан Джейсон үндемей, кезекте тұра берген.


© facebook.com

"Біріншіден, мен мұндай сұлулықты көріп қатты таңғалдым. Әйелімді бірден танымағаныма сене алмадым. Өзімді осындай сұлу әйелдің күйеуі екеніме де сене алмадым. Екіншіден, оның маған көзінің бір қиығымен де қарамағаны таңғалдырды. Бұл бір жағынан жақсы ғой, бір жағынан жаман да. Жаман деп отырғаным мен оның жүрегін жаулап алудың қаншалықты қиын екенін түсіндім. Оның назарын аудару үшін, бір кездесуге шақырудың өзіне қанша күш жұмсауым керек болғанымды түсіндім. Бірақ мен сонда да өзімнің сенімсіздігім мен кемшіліктеріме қарамастан, оның жүрегін жаулай алыппын. Үшіншіден, әрине, маған оның сол күні осындай сыпайы, сүйкімді болғаны ұнады. Ол дүкеннен сатып алған тауарларын алып, шығып бара жатты. Мен оны тоқтатқан жоқпын, тек сырттан тамсана қарап, сол қыздың менің әйелім екенін және оны сүйетінімді түсініп, соңынан қарап тұрдым", - деп жазды Джейсон.

Айта кетейік, ер адамның бұл оқиғасы шетелдік БАҚ-тарда жазылып, әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. "Махаббаттың не екенін осындай сәттерде түсінесің" деп жатты олардың бірі.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети