29 тамыз 2014 | 14:03

Әскерде "дедтер" емес, есірткіге еліткен әскерилер қауіпті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Әскерде кішіге үлкені әлімжеттік жасайтын «дедовщина» деген қағиданы жоя алмайтындығына бүгіндері біздің қоғам белгілі бір деңгейде мойынсұна бастаған. Бұл, әрине өкінішті. Өйткені «Ауруын жасырған өледі» демекші, әскердегі адам төзгісіз жағдай күн өте бұрынғысынан да қиындап барады. Мысалы, ел алдындағы борышын өтеушілерге бас-көз болады деп сенетін әскерилеріміздің өз арасында қазір есірткіні тұтынушы да, сатушы да табылып қалады. Тіпті еліміздегі бір гарнизон мұндай жайтқа жол бермес үшін иісшіл иттер алдыртуға мәжбүр болыпты. Өз кезегінде «Алаш айнасы» басылымы осы бастаманы еліміздің барлық әскери бөлімшелерінде қолдануды ұсынады...

Иконка комментария блок соц сети

Әрине, темірдей тәртіп бар жерде мұндай бассыздыққа жол жоқ деп арамызда үдере бас көтерушілер табылар. Бірақ әскердегі есірткі саудасы қалыпты жағдай екенін биыл тамыздың басында осындай негізде қозғалған қылмыстық іске қатысты Алматы гарнизонының әскери соты шығарған үкім нақтылай алады.

2014 жылдың 29 шілдесінде Жамбыл облысына қарасты Гвардейский ауылына арнайы үкімін жариялау үшін келген Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Мұхамеджан Пақырдінов: «Әскерде Қылмыстық кодексте қарастырылған барлық қылмыс түрлері орын алады, ал қазір біз әскери қызметкердің есірткіні сақтап, оны тұтынып, тіпті өз әріптестеріне саудалайтын масқара жағдайға жетіп отырмыз» - деп мәлімдеді.

Бүтін әскерилер атына кір келтірген бұл масқара жағдай 2014 жылдың 29 мамырында өрбіген. Әскери Тілепбергенов түнгі 11-де екі қызметтесімен Қордай ауылына көлікпен тартып кеткен. Түнгі үште оралған ол өзінің тағы бір әріптесін іздеп сауда орталығындағы компьютер клубына барады. Қолындағы заттың бір бөлігін ақшаға алмастырған ол сол арадан шығып келе жатқан жерінен ҚР ІІМ басқармасының Оңтүстік аймақтық әскери-тергеу басқармасының шұғыл әрекет ету қызметкерлерімен ұсталады. Сараптама Тілепбергеновтің қолынан алынған заттың гашиш екенін нақтылады. Сондай-ақ сараптама жасаушылар Тілепбергеновтің үнемі есірткі қолданып келгендігі туралы қорытынды шығарған. Мұның барлығын Тілепбергенов мойындаған. Осыны ескере отырып...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети