1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Астана автобусындағы төбелес кезінде кондуктор тісінен айырылған

© Youtube.com © Youtube.com

Астана автобусындағы жанжалдасқан әйелдердің бірі тісінен айырылған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

№3 автопарктің мәліметінше, жолаушы жол ақысын төлеуден бас тартып қана қоймай, өзін агрессивті ұстаған. Ол кондуктордың тісін соққы арқылы түсіріп тастапты.

Еске сала кетейік, 2 қарашада әлеуметтік желілерде Астана автобусында екі әйелдің төбелескені бейнеленген видео кең талданған еді. Видео авторының айтуынша, әйелдердің бірі автобус кондукторы, ал екіншісі - жолаушы. Олардың нақты қандай себеппен жанжалдасқаны әзірше белгісіз. Видеодан екі әйелдің бір-бірінің шашынан тартып, жерге құлағандарын көруге болады. Айта кетейік, куәгерлердің ішінде бір ғана адам оларды ажыратуға тырысты.