08 желтоқсан 2016 22:33

Астана-Бурабай тасжолында қаза болған ер адам наградаға ұсынылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құмарбек Жәкетай жұбайымен. Сурет отбасының жеке мұрағатынан Құмарбек Жәкетай жұбайымен. Сурет отбасының жеке мұрағатынан

Астана-Бурабай тасжолында қаза болған ер адам наградаға ұсынылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Хабар" агенттігі Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астана-Бурабай тасжолында қаза болған ер адам наградаға ұсынылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Хабар" агенттігі Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 4 желтоқсан күні Атамекен ауылынан 10 шақырым жерде болған. Рейстік автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуынан төрт адам мерт болды. Nissan Cefiro көлігінде болған үш әйел оқиға орнында көз жұмды. Көліктен үш жастағы баланы ғана аман алып қалу мүмкін болды. Кейін баланың әкесі табылған еді. 

Ақмола облысындағы Жаңажол ауылының тұрғыны Құмарбек Жәкетай жол оқиғасы болған жерден өтіп бара жатқан. Ер адам зардап шеккендерге көмекке ұмтылып, көліктен үш жастағы баланы алып шығып, жүргізушіні босатып алған. Бірақ, өзге жолаушыларды құтқармақ болған сәтте оны жақындап қалған автобус басып кеткен еді.

"Қылмыстық істі тергеу мен ЖКО-ның мән-жайын анықтау қорытындысы бойынша, ІІД қайтыс болған Жәкетай Құмарбекұлын төтенше жағдайда адамдарды құтару кезіндегі көрсеткен ерлігі үшін наградаға ұсыну мәселесін қарастырады", - дейді Ақмола облысының баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети