06 тамыз 2015 17:12

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК көрме кешені нысандарының 3D форматындағы макеттерін ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы көрме кешені нысандарының 3D форматындағы макеттерін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы көрме кешені нысандарының 3D форматындағы макеттерін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, EXPO-2017 халықаралық көрмесі 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтеді, оны Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) ұйымдастырады.

Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып - Future Energy (Болашақ энергиясы).

EXPO-2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болған еді. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берді, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.

ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі мен 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

EХРО-2017 көрмесінің "Болашақтың энергиясы" тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Назарбаевтың "ЭКСПО-2017" нысандарының құрылысының кешігіп жатқанын айтқаны хабарланған болатын. "Бұл Қазақстанды, еліміздің мүмкіндіктерін бүкіл әлемге көрсетуге мүмкіндік беретін басты жоба. Құрылыс мәселелерімен қатар, басқа салаларда да мерзімінен кешігу байқалып отыр. Мысалы, арнайы комиссардың барына қарамастан, әлі де көрмеге қанша мемлекеттің қатысатыны белгісіз. Біздің көрмеден кейінгі уақытта өткізетін елдер болса белсенді ақпараттық жұмыс жүргізіп жатыр, бізде болса тым-тырыс. Келушілерге қандай жағдайдың жасалатыны туралы, көрменің табысының қандай болатыны жайлы, қанша демеушінің тартылып жатқаны туралы, қанша ішкі және шетел туристерінің болатыны жайлы, қандай мәдени іс-шаралардың өтетіні жайлы нақты түсінік жоқ", - деді Қазақстан Президенті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети