Астана мен Алматы тұрғындары құшақтасудан жарысты

15 Сәуір 2015, 17:17
0
Астана мен Алматы тұрғындары құшақтасудан жарысты - @Youtube.com
@Youtube.com

Алматы мен Астана қаласында TengrinewsTV редакциясы "Мені құшақта" атты эксперимент жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үлкен қалаларда адамдар өзін көбіне жалғыз сезінеді. Журналистер қала көшелеріне шығып, танымайтын адамның өзін құшақтауын сұраған кездегі тұрғындардың реакциясын анықтады.

Астанада "Хан шатыр" ойын-сауық орталығының алдында, ал Алматыда Арбат бойында екі жас жігіт қолдарына плакат ұстап бір сағат шамасында жүрді. Астанада 60 минут ішінде плакат ұстаған жігіттің жанынан 400-ге жуық адам өтті. Олардың 40 шақтысы ғана тоқтап, жігіттердің өтінішірін орындады. Ал Алматы қаласында бұдан екі есе көп адам өтсе де, бөгелгендер аз болды. Себебі, көбісі эксперименттің кейіпкері болатынын сезді. Құшақтаған адамдардың 70 пайызы - жас қыздар. Дегенмен, жігіттердің ішінде де құшақтасқандар бар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай