Астана тұрғыны дауға айналған мүсінді орамалмен жапты

16 Наурыз 2016, 09:51
2
Астана тұрғыны дауға айналған мүсінді орамалмен жапты -

Астана тұрғыны Талғат Шолтаев елордада дауға айналған "Ғашықтар" мүсініндегі қыздың образын алып тастауға немесе өзгертуге шара қабылдауға ниетті. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады. Айта кетейік, соңғы уақытта Желіде осы мүсінге байланысты дау шыққан болатын. Қолданушылардың бірқатары мүсіндегі қыздың тым ашық тұрғанын айтып, сөкті.

Ол мүсінге қазақша киімді кигізуге ниетті екен, бірақ скульптураның ерекшелігіне байланысты кигізу мүмкін болмаған. "Көп күн күттім, алып тастай ма екен деп ойладым. Нәтижесінде өзім шешім қабылдап, орамал жауып қойдым. Полицейлер менің әрекетімді көріп тұрды. Мен оларға мүсін үшін ұялатынымды айттым. Олар да тура осылай жасайтындарын айтты", - деді ол. Шолтаев Интернеттегі дауға дейін мұндай мүсіннің бар екенін де білмегенін айтты - өз Астанада тұрып жатқанына бір ғана жыл болыпты. Айтуынша, егер орамалды алып тастаса, оны қайтадан киіндіріп қоюға дайын екен әрі ескерткішті алып тастауға шаралар жүргізеді. "Бұл махаббаттың мүсіні. Бізде Баян Сұлу мен Қозы Көрпештің тарихының символы - махаббат тарихы. Біздің қыз осындай ма еді? Шетелдіктер бізді осылай қабылдап, қыздарымызды сыйламайды екен деп ойлай ма?", - деді ол.

Осыған дейін Астананың Суретшілер одағының төрағасы Тоқтар Ермеков ескерткіш жайлы пікірін айтқан болатын. Оның толық пікірін мына жерден оқи аласыздар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай