11 мамыр 2014 | 11:05

Астанада 2 маусымда балаларды балабақшаға қабылдау басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото РИА Фото РИА

Астанада 2 маусымда балаларды мектепке дейінгі мекемелерге қабылдау басталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада 2 маусымда балаларды мектепке дейінгі мекемелерге қабылдау басталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Жыл сайын балабақшадан мектеп жасына жеткен балалар кеткен соң мектепке дейінгі мекемелерде 3000-ға жуық орын босайды. Аталған мекемелердің меңгерушілері босаған орындарға қабылданатын балалардың жасы мен саны көрсетілген өтінімдер береді.

Айта кетейік, жалпы орындар санының 20-25 пайызы жеңілдігі бар, кезек бойынша өтетін балаларға беріледі, қалғаны 2-6 жастағы балалар арасында бөлінеді. Бұл әр жастағы балаға 600-700-ге жуық орынды құрайды.

Қазіргі уақытта баланы балабақшаға орналастыру мәселесі аса өзекті болып отыр, өйткені, жыл сайын бала туу көрсеткіші орта есеппен 1,1 пайызға (850-900 балаға) артады, сонымен қатар, халықтың елордаға көшіп келуі де ұлғаюда, жыл басында халық өсімі 4369 адамды құрады.

Астана қаласының Білім басқармасы ұсынған мәліметтер бойынша, биыл балаларды қабылдау 2 маусымнан 2 шілдеге дейін өтеді. Содан кейін ата-аналарға балабақшаға жолдамалар беріледі. Жұмыс комиссиясы баланың жасына қарай кезектілік бойынша қабылдайды. Мысалы, 2012 жылы туған балаларды қабылдау 2-5 маусымда; 2011 ж.т. - 9-12 маусымда; 2010 ж.т. - 13-16 маусымда; 2009 ж.т. - 18-19 маусымда; 2008 ж.т. 23-24 маусымда жүргізіледі. Жұмыс комиссиясы №61 орта мектепте сағат 15.00-18.00 күніне 300 адам қабылдайды. Жеңілдікті санаттар бойынша азаматтар құжаттары үстіміздегі жылдың 25 мамырына дейін тапсыруы керек. Ал кешіккен жағдайда құжаттар тек келесі қабылдау кезінде, яғни 2015 жылы ғана қаралатын болады.

Толық ақпаратты №61 орта мектептегі жұмыс комиссиясынан сағат 15.00-18.00 алуға болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети