1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Астанада әйел адам көпқабатты үйдің терезесінен қоқыс лақтырған

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Астана тұрғындары көпқабатты үйдің терезесінен қоқыс лақтырған әйелдің әрекетіне наразылық білдіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, әйел адам қоқысты "Номад" тұрғын үй кешенінің 10-қабатынан лақтырған.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жағдай 8 қыркүйекте болған.

"Жергілікті полиция қызметкерлері видеодағы әйелдің 54 жастағы екенін анықтады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар сотқа жолданды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.